jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Биыл университетке түсу үшін шекті балл өзгере ме: Ұлттық тестілеу орталығы жауап берді

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы Facebook парақшасында хабарлады.

Орталық ақпаратынша, биыл ЖОО түсу үшін шекті балл өткен жылмен бірдей, яғни кемінде 50 балл және ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл болып қалды.

Алайда оқуға түсу үшін 50-ден астам балл жинау қажет дайындық бағыттары бар. Ең жоғары шекті балл – кемінде 75 балл "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру бағдарламаларына түсу үшін бекітілген.

Ал "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" бағытын таңдаған талапкерлер ҰБТ-да кемінде 70 балл жинауы тиіс. Одан бөлек, ұлттық жоғары оқу орындарына "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" мамандығына түскісі келетіндерге кемінде 60 балл жинауы қажет.

"Талапкерлер әр жоғары оқу орны өзінің шекті балын қоя алатындығын да ескеру керек. Бұл құқық оларға төрт жыл бұрын академиялық еркіндік негізінде берілген еді. Мысалы, 80 балл жинаған талапкер математика мұғалімі мамандығына ұлттық ЖОО-ға түскісі келеді. Баршаға мәлім, "Педагогикалық ғылымдарға" шекті балл кемінде 75 балл, ал ұлттық оқу орындарына – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр.

Алайда таңдалған университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек, оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек", - деді ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Емелбаев жоғары оқу орындарының шекті балы жақын арада Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатынын хабарлады.

Биыл университетке түсу үшін шекті балл өзгере ме: Ұлттық тестілеу орталығы жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.