jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға үндеу жасады

Полицей
Полицей көше бойында. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Басылымның жазуынша, Түркістан облысы аумағында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылып, полиция қызметкерлерінің күшейтілген тәртіппен қызмет етіп жатқанына бүгін екінші күн.

Мәселен 1 ақпанда, Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар Шолаққорған – Ащысай – Кентау жолы мен Жамбыл облысымен шекаралас аумақтағы халықаралық Алматы – Ташкент – Термез жолының 534-593 шақырымы қар мен боран салдарына байланысты жабылған. Шектеу барлық көлік түрі үшін енгізілген.

Осы орайда облыстың полиция өкілдері тұрғындарға үндеу жасап, аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпауға шақырып отыр.

"Ұзақ жолға шығу аса қажет болып жатса, көлікті дайындап, көп мөлшерде жанар-жағармаймен қамдап, қосымша сыртқы жылы киімдер мен азық-түлік алуды ұсынамыз. Сондай-ақ міндетті түрде жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырамыз", – дейді полиция қызметкерлері.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.