Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылдардың бірінен табылды": Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деген күдікті ұсталды

Жарияланған күні:

Кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлады.

"1 ақпанда Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 2024 жылғы 27 қаңтарда сағат 00.20 шамасында орын алған жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығу оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды.

Тергеу барысында ол бой тасалап, оған іздеу жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасының мәліметінше, полиция қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен табылған.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдиннің айтуынша, қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы

27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.

Кейін оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.

29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058716-qostanai-oblysynda-zedel-zardem-zurgizusisin-soqqyga-zyqqan-kudikti-ustaldy/