ІІМ Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіні ұстау сәтін көрсетті (видео)
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан күдікті ұстау сәтінен видео жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Жедел жәрдем жүргізушісін ұрғаны үшін ұсталған Нұрболат Дакебаев Қарағандыдағы полиция бөліміне жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам Қарқаралы ауданының қыстақтарының бірінде, облыс орталығынан 200 шақырым жерде ұсталды.
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы
27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.
Кейін оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.
Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.
29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.
Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.
1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058728-iim-qaragandyda-zedel-zardem-zurgizusisin-urgan-kudiktini-ustau-satin-korsetti-video/