Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды: күдікті видеоүндеу жасады

Жарияланған күні:

Нұрболат Дәкебаев
Нұрболат Дәкебаев. Видеодан кадр: instagram.com/vmaikuduke

Желіде Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деген күдікпен ұсталған Нұрболат Дәкебаевтың қазақстандықтарға жасаған видеоүндеуі пайда болды. Ол үндеуінде бәрінен кешірім сұраған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны Instagram-дағы пабликтердің бірі жариялады.

"1 ақпанда полицияға өзім барып берілмекшімін. Жасап қойған қиянатым маза бермей жатыр. Анамнан да, бәрінен кешірім сұраймын. Ақ халаттылардан кешірім сұраймын.

Менің зиын тигізем деген ойым болған жоқ. Мұндай ой болмаған да, болмайды да. Қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан кешірім сұраймын. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлығыңыз мені кешіріңіздер. Мен өз қателігімді түсініп отырмын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер", - дейді ол видеоүндеуінде.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы

27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.

Кейін оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.

29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.

1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталған сәтінен видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058746-qaragandyda-zedel-zardem-zurgizusisi-soqqyga-zygyldy-kudikti-videoundeu-zasady/