"Соттатып пайда таппаймын": қарағандылық жедел жәрдем жүргізушісі өзін ұрған адаммен соттаспайтынын айтты
Жарияланған күні:
Қарағандыда жарақат алған жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан ер адамды сотқа бермейтінін айтып деп, "хайп қуды" деп айыптағандарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ер адам үндеуі өзінің TikTok парақшасында жариялады. Ол әлеуметтік желілерде парақшаларын белсенді жүргізетін болып шықты. Мына жағдайдан кейін оны көпшілік "хайп қуып жүр" деп айыптаған.
"Мен туралы қате ойлап жатқан жандар, біріншіден мен баяғыдан TikTok -пен айналысамын. Бір жарым жыл болды. Видеоларды қарасаңдар көресіңдер. Мен жедел жәрдем жүргізушісінен бөлек, негізі актер адаммын. "Бір таяқ жеп алды, хайп ұстап кетті" деп қате ойламаңдар. Аллаға шүкір, мен осы дәрежеге еңбекпен, маңдай термен жетіп келе жатқан адаммын.
Ондай-ондай болып қалды енді. Дұрыс жағынан түсінейік, соттатып одан ешқандай пайда көрейін деп жатқан жоқпын. Одан мен ешқандай рахат алмаймын. Оны дұрыс жағынан түсінейік.
Мен сендерге бір-ақ сөзбен айтайын, Алла бәрін кешіреді. Сен қандай да бір қателік жасама, Алла кешіреді. Алланың қасында мен жай ғана құлмын. Сондықтан біз де кешіреміз. Дұрыс жағынан түсінейік. "Мен оны кешірмеймін, мен оны соттатамын, отырғызамын, бүйтем-сүйтем" деген дүние айтқан да жоқпын. Өйткені бәріміз де пендеміз, бәріміз де қателесеміз, бәріміз де адамбыз.
Мен соттатып одан ешқандай да пайда таппаймын. Әр қазақ менің жалғызым дейді ғой. Бір-бірімізге жанымыз ашысын", - деді жәбірленуші.
Бұдан бөлек жедел жәрдем жүргізу қазір өзін жақсы сезінетінін атап өтті. Мұрнына жасатқан алғашқы отасы сәтті өткен. Енді ол екінші операцияны күтіп жүргенін айтты.
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы
27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.
Кейін оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.
Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.
29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.
Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.
1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Кейінірек Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталған сәтінен видео жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058832-sottatyp-paida-tappaimyn-qaragandylyq-zedel-zardem-zurgizusisi-urgan-adamdy-sottastpaitynyn-aitty/