jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Елімізде қай өңірдің тұрғындары басқаларға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді

Елорда тұрғындары Есіл жағасында қыдырып жүр
Қала тұрғындары. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

2023 жылғы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші бойынша Астана көш бастады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің Telegram арнасында жариялаған мәліметіне сүйенсек, елорда бойынша 2023 жылғы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші еліміз бойынша ең жоғары, яғни 77,3 жыл болды.

Бұл жөнінде Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың қатысуымен өткен қорытынды алқада айтты.

Басқарма басшысының сөзінше, қабылданып жатқан шаралардың арқасында елордада негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарған: жалпы өлім-жітімнің 4,5 пайызға төмендегені байқалады.

Бұл ретте Әлия Рүстемова бірқатар мәселе бар екенін атап өтті. Мәселен, бүгінгі таңда қолданыстағы денсаулық сақтау инфрақұрылымы саны жағынан өсіп келе жатқан жұртшылықтың қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Жағдайды жақсарту үшін алдағы жылдарға 14 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған.

Ол қол жеткізілген жетістіктермен қатар дереу шешуді талап ететін міндеттер де бар екенін айтты.

Елімізде қай өңірдің тұрғындары басқаларға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.