jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Qazaq Air жаңа уақыт белдеуіне байланысты рейстер кестесі өзгеретінін мәлімдеді

Әуежай
Ұшақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Әуекомпаниясы Қазақстанда жаңа уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты 2024 жылғы 1 наурыздан бастап рейстер кестесі өзгеретінін хабарлады. Бұл туралы компанияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әуекомпаниясының баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2024 жылғы 29 қаңтарға дейін Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/қалаларынан рейстерге әуе билеттерін сатып алған жолаушыларға ұшу уақыты 2024 жылғы 1 наурызда 00:01-ден бастап (Астана уақыты бойынша) рейс билетте көрсетілген уақыттан бір сағат бұрын орындалатынына назар аудару қажет.

"29 қаңтардан кейін әуе билеттерін сатып алған жолаушылардың жоғарыда аталған бағыттар бойынша әуе билеттерінде жаңа белдеуге сәйкес уақыт көрсетілгенін атап өтеміз.

Ұшу және келу уақытының өзгеруі туралы ақпарат жолаушыларға SMS-хабарламалар түрінде және әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберілді", - делінген хабарламада.

Сұрақтар туындаған жағдайда жолаушыларды қолдау қызметіне хабарласуға болады: +7 727 353 1414.

Qazaq Air жаңа уақыт белдеуіне байланысты рейстер кестесі өзгеретінін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.