Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боран және көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қарлы боранда кетіп бара жатқан қыз
Қарлы боран. Көрнекі сурет: Gillian Henry/Getty Images

Синоптиктер 4 ақпанда күн бұзылатынын ескертті Астанада және еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, 4 ақпанда Астанада бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда желдің екпіні 15-20 м/с болады.

4-6 ақпан аралығында Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с, 4 ақпанда екпіні 25 м/с болады.

Ертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Жексенбіде Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі деп болжанды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады.

4 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ал Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деген болжам жасалды.

Жексенбіде Қарағанды облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

4 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Ал түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ертең күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке тең болады.

Ақмола облысында 4 ақпанда бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с болады деп болжанды.

Жексенбіде Ұлытау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.

4 ақпанда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ертең күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2058989-boran-zane-koktaigaq-qazaqstannyn-birqatar-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel