Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам 2 айға қамауға алынды

Опубликовано:

Жедел жәрдем қызметі
Жедел жәрдем қызметі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тарады. Жәбірленуші оған кешірім бергенімен, тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған, деп хабарлайды Астана арнасы.

"28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевқа қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ", – делінген сот ақпаратында.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісінің соққыға жығылуы

27 қаңтарда желіде Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан сәтінен видео тараған еді. Өңірлік полиция өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен ер адамның анықталғанын хабарлады.

Кейін оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдіріп, зардап шегушінің жағдайын айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдірді.

29 қаңтарда күдіктіге іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев жедел-жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер дамды тез арада табуды және оның сотын ашық жүргізуді талап етті.

1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталған сәтінен видео жариялады.

Ал 2 ақпан күні жарақат алған жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан ер адамды сотқа бермейтінін айтып, "хайп қуды" деп айыптағандарға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059002-qaragandyda-zedel-zardem-zurgizusisin-soqqyga-zyqqan-er-adam-2-aiga-qamauga-alyndy/

pixel