Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7 мыңнан аса полицей тәртіп қадағалайды: патрульдік полиция бүгіннен бастап күшейтілген режимге көшті

Опубликовано:

Полицей
Полицей көше бойында. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді. Күн сайын жол қауіпсіздігін 7 мыңнан астам патрульдік полиция қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Қазақстанда "Қауіпсіз жол" республикалық іс-шарасы басталды. Мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Патрульдік полиция бүгіннен бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Республикалық жолдарда да қызмет күшейтілді.

Іс-шара кезінде күн сайын 7 мыңнан астам патрульдік полиция, оның ішінде 1,5 мыңнан астам полицей – қала сыртындағы автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ведомство ақпараты бойынша осы күндері қауіпсіздік белдіктерін тағуға, балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалануға, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушылардан жол-көлік ережелері талаптарын қатаң сақтауды, ауа райының нашарлауы кезеңінде ерекше тәртіпті болуды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраймыз", - деді ІІМ өкілдері.

Іс-шара осы жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059195-7-mynnan-asa-policei-tartip-qadagalaidy-patruldik-policiya-buginnen-bastap-kuseitilgen-rezimge-kosti/

pixel