Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров "Тина Канделакимен сөйлескен" диалогын жоққа шығарды

Опубликовано:

Нұрлан Сабуров
Нұрлан Сабуров. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Желіде Тина Канделаки мен әзілкеш Нұрлан Сабуровтың даулы мәселеге қатысты әңгімесі тараған болатын. Әзілкеш бұл сөйлесудің жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Сабуров бұл жағдайға қатысты Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Тинамен терефонмен болған әңгімелесу - фейк. Қолдағандарыңызға рақмет. Барлығыңа тыныштық, бейбітшілік тілеймін. Қазақстан, алға", - деп жазды ол.

Сабуровтың жазбасы
Сабуровтың жазбасы. Скриншот: instagram.com/nurlan__saburov/#

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстанға кіргізілмейтінін айтқан болатын.

Тина Канделакидің даулы мәлімдемесіне қазақстандық тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан өз Instagram-парақшасында қатаң түрде жауап қатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059235-tanymal-azilkes-nurlan-saburov-tina-kandelakimen-soilesken-dialogyn-zoqqa-sygardy/

pixel