Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ өкілі Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде балаларға жасалған шабуылға пікір білдірді

Опубликовано:

шабуыл
Күдікті мен соққы алған балалар: Видеодан кадр: t.me/nkorganbekova

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәжіліс кулуарында Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамның балаларға шабуыл жасауына қатысты жағдайға пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Іс қозғалды, ол жауапқа тартылады", - деді Игорь Лепеха.

Вице-министрдің сөзінше, қылмыстық іс аясында құқыққорғаушылар ер адам балаларға шабуыл жасаған кезде қандай халде болғанын анықтайды.

Сондай-ақ ол көпшіліктен кешірім сұрау практикасы туралы сөз қозғады.

"Егер ол кешірім сұрағысы келсе, біз неге оны бұл құқығынан айыруымыз керек. Бірақ бұл оның жазасын жеңілдетпейді", - деді спикер.

Еске салайық, бұған дейін Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адам балаларды ұрып-соққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ зардап шеккен балалардың ауруханаға жеткізілгені, кешке қарай барлығы үйіне жіберілгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059262-iim-okili-astanadagy-turgyn-ui-kesenderinin-birinde-balalarga-zasalgan-sabuylga-pikir-bildirdi/

pixel