jitsu gif

АҚШ-қа қайырымдылық асқа барған Нұрлан имам екі жастың некесін қиды (видео)

Екі жас
Екі жас. Видеодан кадр: instagram.com/nurlanimam.kz

АҚШ-қа қайырымдылық асқа барған имам Нұрлан Байжігітұлы Филадельфияда екі жастың некесін қиды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ имамның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрлан имамның желідегі парақшасындағы жарияланған видеодан Филадельфия қаласында Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатымен кездескенін көруге болады.

"Бүгін Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтты. Уағыздан соң Нурлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды.

Бұл кездесу барысында - жақсы адамдардың қасиеттері, түзу жолы және Аллаh туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздың ақ некесын қидық! Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Сонымен қатар Филадельфия қазақтары оны әрдайым күтіп, қуанышпен қарсы алатындарын жеткізген.

Еске салайық, бұған дейін Нұрлан имамның АҚШ-та жыл сайын өтетін қайырымдылық асына қатысатынын жазған едік.

"Бұл тікелей Америка президентінің шақыруы емес. Көп жерде бұлай жарыса жазып жатқаны қате. Бұл – АҚШ-та жылда өтетін қайырымдылық ас. Қайырымдылық асқа сол мемлекеттегі дін басшылары, мемлекет басшылары, танымал тұлғалар шақырылады", - деген еді Нұрлан имам.

2 ақпанда Нұрлан имам алпауыт елдің дін басшылары жиналған Ақ үйдегі қайырымдылық асына қатысты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.