Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа министр Әлназарова сын туралы сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Ақмарал Әлназарова
Ақмарал Әлназарова. Фото:: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Сенат кулуарында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтылған сынға реакциясы қандай болатынын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

Ақмарал Әлназарованың сөзінше, сыннан қорқудың қажеті жоқ.

"Менің ойымша, керісінше, біз енді тұрғындардың кез келген шағымын, сұрақтарын жинаймыз.

Біз қандай қосымша қажеттіліктер барын, қандай тетіктерді күшейту керектігін және жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарына не қажет екенін түсінуіміз керек. Сондықтан мен сынға оң көзқараспен қараймын", - деді жаңа денсаулық сақтау министрі.

Бұған дейін ведомствоның жаңа басшысы Ақмарал Әлназарова бұрынғы министр Ажар Ғиниятпен кездескенін айтқан болатын.

Айта кетейік, 6 ақпанда мемлекет басшының жарлығымен Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Бұл лауазымда бұрын Ажар Ғиният болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059902-zana-ministr-alnazarova-syn-turaly-suraqqa-zauap-berdi/

pixel