Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарт кісілер мен балалар сыртқа шықпағаны жөн": Қасымбек елордалықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Қарлы боранда кетіп бара жатқан әйел
Қарлы боран. Көрнекі фото: Getty images / Bill Hornstein

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ауа райының күрт бұзылуына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, боран мен қатты желге байланысты қаланың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал коммуналдық қызметтер тәулік бойы қала көшелерін қардан тазартып, қажет жағдайда жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себуді жалғастыруда.

"Қарт кісілер мен балалар жарақат алмас үшін сыртқа шықпағаны жөн. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өте мұқият болуы, арақашықтықты және жол қозғалысының барлық ережесін сақтауы керек.

Сол сияқты ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер, оның ішінде қаланың тас жолдарына қатысты ақпаратты назарда ұстауды сұраймын", - деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059955-qart-kisiler-men-balalar-syrtqa-syqpagany-zon-qasymbek-elordalyqtarga-undeu-zasady/

pixel