Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмада бірінші ауысымдағы астаналық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

Опубликовано:

Оқулық ұстап отырған оқушы
Оқулық ұстап отырған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада бірінші ауысымның барлық оқушылары, сондай-ақ колледждердің бірінші және екінші курс студенттері ертең Қашықтықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды қаланың білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2024 жылғы 9 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2-курстың студенттері (9-сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп хабарлады елордалық білім басқармасы Instagram-да.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы екінші ауысымның нөлден тоғызыншы сыныбына дейінгі оқушылар да ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыды.

Сонымен қатар, қала әкімі Жеңіс Қасымбек ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады. Ол балалар мен зейнеткерлерді мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059992-zumada-birinsi-auysymdagy-astanalyq-oqusylar-men-studentter-qasyqtan-oqidy/

pixel