jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Өзім тігіп аламын": астаналық 95 жастағы модель әже көпшілікті таңғалдырды (фото, видео)

Жамария Хабан
Жамария Хабан. Видеодан кадр: "Таңшолпан" бағдарламасы

Астаналық 95 жастағы Жамария Хабан көпшілікті стильді киімдерімен таңғалдырды. Қария "Таңшолпан" бағдарламасында киімдерін өзі тігіп алатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметінше, әжейдің жасы оның сүйікті ісіне кедергі келтірмейді.

Жамария Хабан
Жамария Хабан. Видеодан кадр: "Таңшолпан" бағдарламасы

"Балаларымның күтімі жақсы әсер етіп отыр ғой. Тамағымды дайындап береді, жатқызады-тұрғызады. Көлікке көтеріп мінгізіп, көтеріп түсіреді. Осылардың арқасында жыбырлап, тірі жүрмін.

Таңертең тұра сала жылы суға бір қасық бал салып ішемін. Жас кезімде би де биледім, киім де тіктім. Көйлегімді өзім өлшеп, өзім тігіп аламын", - деді Жамария Хабан әже.

Әжейдің видеоларын әлеуметтік желіге немере келіні жариялаған.

"Экранға шығу жас кезінен арманы болған екен. Бізбен бірге сауда орталықтарына киініп, әдемі болып барады. "Адамдар не ойлайды" деген қорқынышы жоқ", - деді немере келіні Айжібек.

Айта кетейік, Жамария әжей жеті бала өсіріп, бүгінде 10 немере, 15 шөбере сүйіп отыр.

"Өзім тігіп аламын": астаналық 95 жастағы модель әже көпшілікті таңғалдырды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.