Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қалыңдығы 20 сантиметрге жететін қар жауады деп болжанды

Опубликовано:

қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мамандар 12 ақпанда Алматыда қалыңдығы 20 см-ге дейін қар жауады деп болжады. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері толық дайындықты бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Синоптиктер дүйсенбіде, 12 ақпанда жауатын қар ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40 пайызына тең болатынын ескертеді.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері толық дайындықты бастады. Көше-жол желілерінен қар шығару жұмыстары аяқталды. Қысқы кезеңде барлығы 226 мың м3 қар шығарылды.

"12 ақпанда таңертең күшейтілген арнайы техника қар тазалауға шығады деп жоспарлануда, қарды тазалауға 600 бірлікке дейін техника және 1220 жол жұмысшысы жұмылдырылатын болады. Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында, қар жауатын негізгі магистральдық көшелерді көктайғаққа қарсы сұйық реагентпен алдын ала өңдеу жоспарланды", - делінген хабарламада.

Басқарма өкілдері дислокация орындарында қар жауғанға дейін 172 құм таратқыштың кезекшілігі ұйымдастырылатынын, көктайғақтың алдын алу үшін қала көшелеріне оған қарсы арнайы материалдар себілетінін мәлім етті.

"Жауған қарды тазарту үшін 15 колонна ұйымдастырылады, олармен бірге жол полициясының патрульдік машиналары еріп жүреді. Тротуарларды, жалпы пайдаланылатын орындарды, кіреберістерді тазалау үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерге 176 шағын көлемді техника тартылады.

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060156-almatyda-qalyndygy-20-santimetrge-zetetin-qar-zauady-dep-bolzandy/

pixel