jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада қатты желден "Рухани жаңғыру" символы құлап қалды

"Рухани жаңғыру" символы
"Рухани жаңғыру" символы: instagram.com/astanovka98

Астана халықаралық әуежайы аумағында орналасқан "Рухани жаңғыру символы объектісі желден құлап қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Астана әуежайының маңында "Рухани жаңғыру" символы объектісінің құлап жатқаны түсірілген сурет Instagram-дағы astanovka98 паблигінде жарияланды.

Суреттің астындағы сипаттамада мердігер компания жөндеу жұмыстарына кіріскені жазылған.

Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" агенттігінің мәліметінше, сәулет нысаны қатты желдің әсерінен құлаған.

"Қазір мердігер ұйым қайта орнату жұмысын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Есіл ауданының әкімдігі өкілдері.

Айта кетейік, 8 ақпанда Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде шатырды жел ұшырып әкеткенін жазған едік.

Астанада қатты желден "Рухани жаңғыру" символы құлап қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.