Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысының әкімі өртенген ірі сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесті

Опубликовано:

Нұрлан Ұранхаев кәсіпкерлермен кездесті
Нұрлан Ұранхаев. Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Семейдегі ірі сауда орталығында болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер үшін несиені төлеу мерзімі алты айға дейін шегеріледі, сондай-ақ тағы бірқатар көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасы.

Әкімдік ақпараты бойынша, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев "Ақшың" ірі сауда орталығында шыққан өрттен зардап шеккен бір топ кәсіпкермен кездесті. Жиында қажетті құжаттарды жинау, субсидия, жалға алу және әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.

"Бүгінгі таңда полиция бөліміне 296 өтініш түсті. Мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл процеске барлық құзырлы орган жұмылдырылған", – деді Нұрлан Ұранхаев.

Зардап шеккендерге облыс әкімдігі қажетті мемлекеттік қолдау көрсетіп жатыр. Мысалы, 35 жасқа дейінгі кәсіпкерлер үшін 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы қарастырылған.

"Екінші деңгейлі банктерге өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің несиесін төлеуді 3 айдан 6 айға дейін шегеру туралы хаттар жолданды, өз өнімдерін өткізу үшін кәсіпкерлерге жакс сауда орындары ұсынылды. Жергілікті университеттер өрттен зардап шеккендердің отбасыларына 6 айға дейін оқу ақысына жеңілдіктер жасайды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін штаб ашылды. Штаб Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада орналасқан.

Сауда үйіндегі өрттен кейінгі жағдай Абай облысы әкімінің жіті жеке бақылауында.

Сонымен қатар Семей әкімдігі, Төтенше жағдайлар департаменті, Абай облысы әкімдігі аппаратының өкілдері, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) әрі бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдері қатысты.

Еске салайық, 6 ақпанға қараған түні Семейдегі ірі сауда орталығында өрт шықты. Түнгі сағат 2:29-да оқыс оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бірінші қабатта эскалатор маңындағы бутиктер жанып, екінші қабатқа таралғанын анықтады. Өрт сөндіру жұмыстары бірнеше сағатқа жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060284-ortengen-aqsyn-sauda-uiinin-bir-top-kasipkeri-oblys-akimimen-kezdesti/

pixel