Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтарға қалай әсер етеді: ДСМ жауап берді

Жарияланған күні:

Смарт сағат
Смарт сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Денсаулық сақтау министрлігі уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында.

Министрлік ақпараты бойынша, еліміздің барлық аумағында 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Бұл шешім шығарылған кезде көпшілік арасында көптеген пікірталас болған, бірақ биологиялық дұрыс уақыт белдеуі адам денсаулығына әсер етеді.

Адам ағзасы тәулік бойы гормондардың әсеріне ұшырайды, осы орайда барлық сергу, ұйқы, белсенділік, стресс, қалпына келтіру процестері, жалпы организмнің жұмысы гормондардың түзілу уақыты мен деңгейіне тікелей байланысты.

Гормондар түзілуінің тәуліктік циклі организмнің тәуліктік ырғақтарымен реттеледі, олар өз кезегінде табиғи, күн уақытымен басталады және синхрондалады. Бұл үдеріс өзге сыртқы факторларға бағынбайды.

Гормондардың әсерінен организмнің уақтылы қалпына келуі, ұйқының сапасы, ояту және сергу кезеңдері, ақыл-ой белсенділігі және т.б. үдеріс белгілі бір гормондардың деңгейімен реттеледі және қатаң режим мен циклге ие.

Сондықтан физиологиялық функциялардың күнделікті ырғағы ең тұрақты.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, мидың гипоталамусы организмдегі биологиялық сағатты басқарады, ол аса маңызды. Гипоталамус көру жүйкесінен жарық пен қараңғылықтың өзгеруі туралы тікелей ақпарат алады әрі тәуліктік ырғақтың негізгі реттеушісі – мелатонин гормонын шығаруға жауап береді.

Мелатонин – ұйқы гормоны, яғни бұл біздің ішкі биологиялық сағаттарымызды іске қосатын элемент. Ол басқа гормондардың (өсу гормоны, пролактин, кортизол) көп бөлінуін қамтамасыз етеді немесе керісінше, тежейді.

Өсу гормоны адамның бала кезіндегі және жасөспірім болған кезеңіндегі дененің өсіп, қалыптасуына әсер етеді. Ересектерде ол минералды заттардың, майдың, көмірсулардың, ақуыздың алмасуына маңызды, сондай-ақ ол адамның қалқанша безі гормондарының бөлінуін, жүрек, бүйрек функцияларын, психологиялық жағдайын реттейді. Таңертең мелатонин концентрациясы төмендегеннен кейін кортизол көбірек болады, ол дене мен ақыл-ойды алдағы күннің белсенділігіне дайындайды (қан тамырларының тонусы мен қысымын жоғарылатады, жүректің жұмысын тездетеді, метаболизмді арттырады және т.б.).

"Қысқа мерзімде режимнің бұзылуы көбінесе иммунитеттің төмендеуіне, қатты шаршауға, ақыл-ой белсенділігі мен есте сақтау қабілетінің төмендеуіне және басқа да көптеген салдарға әкеледі. Табиғи емес уақыт белдеуінде ұзақ уақыт болу, әрине, дененің бейімделуіне әкеледі, бірақ денсаулыққа ауыр зардаптар әкеледі. Сондықтан сағаттық уақытқа жақын уақытты практикалық пайдалану ақылға қонымды және ең алдымен жас ұрпақтың денсаулығы үшін қажет.", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060286-uaqyt-beldeuinin-ozgerui-qazaqstandyqtarga-qandai-aser-etedi-dsm-zauap-berdi/