jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте қаңғыбас жануарларға арнайы павильон салынды

Павильон
Павильон. Фото: 24.kz

Шымкентте қараусыз қалған жануарларға арналған уақытша ұстау ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда наурыз айында 400 қаңғыбас жануар әкелінеді, деп хабарлайды 24.KZ.

Телеарна мәліметінше, типтік үлгідегі еліміздегі алғашқы ғимарат Шымкенттегі Ақтас шағын ауданында орналасқан. Құрылысына жергілікті бюджеттен 750 миллион теңге бөлінген. Мұнда наурыз айында 400 қаңғыбас жануар көшірілмек. Олардың бұған дейінгі паналаған жерін жануарлар құқығын қорғаушылар сынға алған еді.

Белсенділердің сөзінше ескі мекемеде жағдай мүлдем жасалмаған. Ал жаңа нысанда оқшаулауға арналған 196 тор қойылған. Карантин ғимараты мен қоймасы және ота жасауға арналған арнайы кабинеттері бар. Қараусыз иттер мен мысықтар өз алдына бөлек павильонда орналастырылады. Ветеринарлардың сөзінше, қала тұрғындары кез келген уақытта келіп ұнаған жануарын асырауға әкете алады.

"Тек бізде типтік үлгідегі ғимарат бірінші рет соғылып жатыр. Басқа қалаларда бұндай типтік үлгідегі питомниктер әлі құрылыс болған жоқ. Ертең осы біздің уақытша ұстау орталығының құрылысы аяқталғанан кейін соған қарай басқа қалаларда да осындай құрылыс нысандарын жоспарлау жүргізіліп жатыр", - дейді Ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ерлан Әденов.

Шымкентте қаңғыбас жануарларға арнайы павильон салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.