jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Атпен шығып кеткен": Абай облысында 8 жасар бала іздестіріліп жатыр

Іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары. Фото: ТЖМ

Абай облысы Аягөз қаласында жоғалып кеткен 2015 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бала бүгін таңертең үйден атпен шығып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"Абай облысы ТЖД құтқарушыларының, полицияның, туыстарының және жергілікті тұрғындардың көмегімен 2015 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілуде, ол бүгін сағат 10-00 шамасында үйден белгісіз бағытта атпен шығып, жоғалып кетті", - деп хабарлады ведомстводан.

ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша Қазавиақұтқару тікұшағының ұшуы жоспарланған.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігімен келісе отырып, 10810 әскери бөлімінің күштері іздеуге тартылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 74 адам, 17 техника, 20 жылқы жұмылдырылды. Сондай-ақ, ТЖД қосымша күштері жіберілді.

"Атпен шығып кеткен": Абай облысында 8 жасар бала іздестіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.