jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Көктайғақ, жауын-шашын": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнге, 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, 13-14 ақпанда фронталды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, солтүстік өңірлерде қалың қар жауады. Сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Синоптиктер ауа температурасы батыста -5 градус аяздан +5 градус аралығында болады деп болжады.

Ал солтүстік, орталық шығыс өңірлерде ауа температурасы -5 градустан +2 градус аралығында жоғарылайды.

15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, кейін арктикалық антициклон ауа райына әсер етеді деп болжанған.

Алдағы үші күн республиканың солтүстік жартысында аяз сақталады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде -22...-32 аралығында, күндіз -15...-27 градусты көрсетеді.

Еліміздің қалған аумағында ауа температураасында күрт өзгеріс болмайды.

"Көктайғақ, жауын-шашын": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.