Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғыны үйінің жертөлесінен улы өрмекші тапты

Опубликовано:

Қарақұрт
Қарақұрт. Фото: Lada.kz

Ақтауда 13-шағын аудандағы 50А үйдің тұрғындары жертөледе улы қарақұрттың шоғырланғанын көріп, үрейленіп отыр. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тұрғынның айтуынша, кеше, 11 ақпанда үйдің жертөлесіне түскен ол улы қарақұрттың көп жиналып қалғанын анықтаған.

"Қарақұрт әлемдегі ең улы өрмекшілердің бірі және оның тұрғын ауданда болуы халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні белгілі. Әзірге біз қарақұрттың жертөлеге қалай түскенін және оның маңайында қаншасы бар екенін білмей отырмыз. Бұл факт жергілікті тұрғындарды қатты алаңдатып, мамандардың шұғыл араласуын талап етеді. Бізге экологиялық көмек көрсетіп, оларды тиімді жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуіңізді сұраймыз", деп шағымданды үй тұрғыны.

Адамдар күн жылынған кезде өрмекшілер пәтерге кіріп кете ме деп алаңдап отыр.

Кейін "Маңғыстау Бірлік" ПИК басшысы Ғазиз Ағатаев жыл сайын тұрғын үйлердің жертөлесінде дезинсекциялық шаралар жүргізілетінін хабарлады.

"Сәрсенбіде апта соңына дейін тұрғын үйлердің жертөлесіндегі жәндіктерді улайтын компаниямен келісімшарт жасалады", - деді Ғазиз Ағатаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060523-aqtau-turgyny-uiinin-zertolesinen-uly-ormeksi-tapty/

pixel