Бүгін Алматыда қар жауса, елордада 21 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде
Жарияланған күні:
Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 13 ақпан күні ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда қар болады. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с болмақ.
Астанада синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -9 градусқа дейін жетіп, түнде -21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,7 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 12 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060608-bugin-almatyda-qar-zausa-elordada-21-gradusqa-deiin-ayaz-bolady-dep-kutilude/