jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбелік келіншек ескі зират аумағында адасып кетіп, өлім аузынан қалды

Зират аумағында табылған әйел мен іздеу иті
Әйел мен ит. Көрнекі фото: t.me/mchs_official

Ақтөбе облысының тұрғыны күн бұзылғандықтан, ескі зиратта адасып кетті. Оны құтқарушылар іздеу итінің көмегімен тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram арнасындағы ақпарат бойынша, сағат 21:40-та 112 пультіне 1959 жылы туған азамат ескі зират аумағында жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Төрт адамнан, бір техникадан және кинологтан тұратын құтқару тобы дереу зиратқа қарай бет алған. "Сальма" атты іздеу иті жоғалып кеткен қала тұрғынын тауып алды.

Әйел медициналық көмек алудан бас тартты. Ол туыстарына тапсырылды.

Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында Атырау облысында із-түзсіз жоғалған ер адам зират жанынан өлі күйінде табылған болатын.

Ақтөбелік келіншек ескі зират аумағында адасып кетіп, өлім аузынан қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.