jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды

Қар көшкіні
Қар көшкіні. Көрнекі фото: Алматы қаласы ТЖД ресми сайты

13-14 ақпан аралығында Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Қарқынды жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай-ақ "Қазгидромет" РМК-ның Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі көшкін қаупі туралы қолайсыз ауа райына байланысты ескертуі негізінде 13-14 ақпан аралығында:

  1. "Алматы қаласы – Космостанция" автожолындағы "Аюсай" бөгетінен жоғары;
  2. "Шымбұлақ – Мыңжылқы бөгеті" автожолындағы "Эдельвейс" көшкін жинау ауданында;

автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектейтін блок бекеттер қойылды.    

"Алдағы күндері тауға және таудың қарлы беткейлеріне шықпауларыңызды сұраймыз!" - делінген ескертуде.

Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.