jitsu gif branding logo appbranding logo app

Көлік жүргізушісі куәлігіне емтихан тапсырған 150-ден аса қазақстандықтың нәтижесі жойылды

ХҚКО
ХҚКО. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мамандандырылған ХҚКО-ларда 159 теориялық емтихан нәтижелерінің күші жойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, бұл 16 қазаннан бергі нәтиже. Дәл сол кезде Қазақстанда теориялық емтихан тапсырудың жаңа жүйесі енгізілген болатын. Ол қызмет алушы сыртынан бейнебақылау жүргізуге, қозғалыстарды оқуға, бөгде шуды жазуға, сөйлеуді қадағалауға мүмкіндік береді. Оның арқасында бірқатар өңірлердегі заң бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік туды.

"Емтиханды бұзушылықтармен тапсыру көбінесе Шымкентте – 76 рет, Түркістан облысында – 58 және Алматыда - 28 рет тіркелді. Жүргізушіге кандидаттар микроқұлаққап, камералар, қашықтан қол жеткізу құрылғылары мен бейтаныс адамдардың көмегін пайдаланған", - делінген хабарда.

Осылайша, Шымкенттіктер микрокамера тігілген бір жейдені кезекпен киіп емтихан тапсырған. Жол жүру ережелері 3.0 жүйесі қызмет алушылардың киімдеріндегі жыпылықтаған құрылғы шамын танып, мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне ықтимал бұзушылықтар туралы сигнал берген. Нәтижесінде бұл азаматтар тестілеуден шеттетіліп, нәтижелері жойылды. Бекітілген Ережеге сәйкес, олар үш айдан кейін ғана емтихан тапсыра алады.

"Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтихандардың ашықтығына баса назар аударады. Біз үшін, ең алдымен, жүргізуші куәлігін жол ережесін жақсы білетін, көлік жүргізу дағдысын меңгерген азаматтар алуы маңызды. Жол жүру ережелері 3.0 жүйесі сыбайлас жемқорлықтың ықтимал фактілерін дұрыс бақылау және алдын алу үшін құрылған", - деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.