jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

Заң
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Бұл туралы мәжілістің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Еске салайық, заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын.

Құжаттарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуін, сондай-ақ ел азаматтығын алуын шектеу ұсынылады.

Сонымен қатар экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.