Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ауа райы қолайсыздығынан екі ауысымдағы оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді

Опубликовано:

Күндізгі Астана
Астана. Көрнекі фото: akorda.kz

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты бірден екі ауысымда оқитын оқушылар қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елордада бүгін, 14 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары қашықтан білім алды.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2024 жылдың 14 ақпанында екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады білім басқармасы.

Бүгін синоптиктер Астанада қар жауады деп уәде берді. Күндіз ауа 0 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы -24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 11,3 м/с болады.

Сондай-ақ мамандар бұған дейін 13 және 14 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілетінін хабарлаған болатын. Болжамға сүйенсек, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, солтүстік облыстарда қалың қар, бұрқасын, көктайғақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060905-astanada-aua-raiy-qolaisyzdygynan-eki-auysymdagy-oqusylar-qasyqtan-oqytuga-kosirildi/

pixel