Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында жер сілкінісі тіркелді

Опубликовано:

Сейсмолог
Сейсмолог. Фото: seismology.kz

Сейсмологтар бүгін Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласының маңында магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел мәліметтерге сәйкес, бүгін, 14 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 болды.

Хабарламада жерасты дүмпуінің сезілуі туралы ештеңе айтылмаған.

Айта кетейік, 10 ақпанда Шығыс Қазақстандағы Риддер тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезген болатын.

Соынмен қатар 2024 жылдың басынан бері ең көп жер сілкінісі болған 100 елдің тізімі бойынша рейтинг жарияланды. Қазақстан сол рейтингте алтыншы орында тұрғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060923-ulytau-oblysynda-zer-silkinisi-tirkeldi/

pixel