Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның шығысында жер сілкінісі сезілді

Опубликовано:

Риддер
Риддер. Фото: instagram.com/ridder_qalasynyn_akimdigi

Риддер тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің ошағы Ресей аумағында болған, деп хабарлайды Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпанда Астана уақытымен 14 сағат 24 минут 58 секундта жер сілкінісін тіркеді", – делінген "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС ресми сайтында.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығыс жаққа қарай 1023 шақырым жерде орналасқан Ресей аумағында болғаны анықталды. Оның магнитудасы – 5,7, тереңдігі – 15 километр. Жер сілкінісі кезінде Риддерде 2 балдық жер асты дүмпулері сезілген.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Содан бері Қазақстанда 2,5 мыңға жуық афтершок тіркелген. Тұрғындар оның тек 12-сін сезген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060281-qazaqstannan-sygys-zerde-ornalasqan-aumaqta-zer-silkinisi-sezildi/

pixel