Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясат Нұрбек ЖОО-ларда оқу ақысы өсіп кетті деген шағымға жауап берді

Опубликовано:

Студенттер аудиторияда дәріс тыңдап отыр
Студенттер. Көрнекі фото: Unрlash / Дом Фу

ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгін мәжіліс кулуарында елдегі жоғары оқу орындарындағы оқу ақысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистердің айтуынша, қазақстандықтар "жоғары оқу орындарында, әсіресе медицина саласында оқу ақысы қымбаттап кетті" деп шағымданған.

"Былтыр айтқанымыздай, бізде қазір университеттерде оқу ақысын белгілеуде өте консервативті саясат бар. Біз медициналық университеттерді қадағалап, бақылап отырмыз. Білесіз бе, бұл Денсаулық сақтау министрлігінің құзырында, біз тек академиялық саясат тұрғысынан ғана әсер етеміз. Оқу ақысын басқа ведомство белгілейді. Оқу ақысы тым көтерілгені туралы нақты деректер болса, бізге айтыңыздар", - деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Бұл ретте ол жоғары оқу орындарының басым көпшілігінде ақылы оқыту құны, әдетте, грант бойынша оқытудан айтарлықтай төмен екенін атап өтті.

Грант құны, оның сөзінше, 1 миллион 200 мың теңге тұратын ұлттық университеттердің өзінде ақылы оқу жылына 500-550 мың теңге шамасында.

"Әрине, бағасы жоғары жекеменшік университеттер бар, бірақ олар оқу ақысын көтеру арқылы сапаға жауап береді. Біз мемлекеттік университеттер бойынша өте қатаң реттейміз, баға диапазонын гранттық оқытудан әлдеқайда төмен ұстаймыз. Сондықтан бұл мәселе бақылауда, фактілер бойынша ақпарат беріңіз, біз көрейік", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060936-sayasat-nurbek-zoo-larda-oqu-aqysy-osip-ketti-degen-sagymga-zauap-berdi/

pixel