Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ЖОО біріндегі "пәк қыздар тізімі": Цифрлық даму министрлігі мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қыз смартфонмен хабарлама жазып тұр
Смартфон ұстаған қыз. Көрнекі фото: pxhere.com

Жақында Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері қамтылған "пәк қыздардың тізімі" дейтін құжат тарады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жуырда Алматыдағы ірі жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері бар тізім тарады, тізімде қайсы қыз пәк, қайсысы пәк емес екені туралы да ақпарат бар делінді.

Бұл жағдайға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді.

"Жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру заңбұзушылық болып саналады. Біз бұл мәселені бақылауға алдық, өйткені бұл жерде тікелей заңбұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады", - деді ол бүгін мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ министр бұл мәселені жеке деректерді қорғау туралы заңнамамен қатаң түрде реттеу қажет екенін атап өтті.

Цифрлық даму министрлігі де пікір білдірді. Ведомствоның жауабы Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

"Интернет желісінде дербес деректерді (оның ішінде медицина қызметкерінің құпиясын) тарату бойынша жарияланған ақпаратқа байланысты келесіні хабарлаймыз, аталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы қолданыстағы заңнамасының бұзылғаны байқалады", - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдері министрлік осы мәселе бойынша түсініктеме беру үшін жоғарғы оқу орнына сауал жолданғанын атап өтті. Сондай-ақ зардап шеккендерді министрлікке хабарласуға шақырған.

"Көрсетілген тізімдерде сіздің дербес деректеріңіз болған жағдайда, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін заңбұзушылық бойынша материалдарды қоса бере отырып, министрлікке тиісті өтінішпен жүгінуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060956-almatydagy-zoo-birindegi-pak-qyzdar-tizimi-cifrlyq-damu-ministrligi-malimdeme-zasady/

pixel