Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаевқа жылап, шағым айтқан алматылық келіншек есінен танып қалған

Жарияланған күні:

Әйел
Әйел. Көрнекі фото: Getty Images/Guido Mieth

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тұрғындармен кездесуінде алматылық әйел үйінен айырылып қалу қаупі бар екенін мәлімдеді. Баспанасы өртенген әйел сол үйдің маңындағы жатақхана иесі одан өтемақы төлеуді талап еткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуде қала тұрғыны көзіне жас алды.

"Жалғыз баспанамызды тартып алып жатыр. Балалар көшеде қалатын болды. Былтыр 1 наурызда өрт шығып, үйіміз өртенді. Сол маңға талапқа сай келмейтін 2,7 гектар жерге 2 қабатты жатақхана салынды. Құжаттарда ғимараттың рұқсатсыз салынғаны жазылған.

Төменде 5 бөлме, жоғарыда 5 бөлме, барлық жерде газ бар, 10 газ нүктесі бар. Негізі екі газ нүктесінен артық салу рұқсат етілмейді. Меншік иесі сотқа жүгінді, судья техникалық бұзушылықтар үшін біздің өтінішімізді қабылдамайды. Жатақхана біздің қоршаудан 76 см қашықта орналасқан. Бөлмелерін су басып кетпесін деп, төбесін біздің үйге қосты. Өрт кезінде бірге өртенді, енді ол 32 млн шығынды өтеуді талап етіп отыр. Бұл бес бөлме емес, бүкіл үйдің құны", - дейді әйел.

Ол қазір отбасымен, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі баламен бірге үйінен қуылып жатқанын атап өтті.

Алматы әкімі Төтенше жағдайлар департаментінен "меншік иесі өтемақы төлеуге не үшін өтініш білдіргенін" анықтауды сұрады. Ал, Досаевқа заң бұзушылықтар расталғанын, бірақ үй иесінің ауысқаны хабарланды.

"Мүмкіндігінше көмектесуге болады, біз бәрін жасаймыз деп айта алмаймын. Қолдан келгенше тырысамыз. Басты өтініш - сотқа дейін тоқтата тұру (көшіруді - ред) - деді әкім.

Кейін шағымданған әйел өзін нашар сезініп, есінен танып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061112-dosaevqa-zylap-sagym-aitqan-almatylyq-kelinsek-esinen-tanyp-qalgan/