Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев қанша жалақы алатынын айтты

Опубликовано:

ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Сенат отырысында "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жалақысының мөлшерін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Менің жалақым 1 миллион теңге", – деп жауап берді Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар ол компаниядағы жалақы әр қызметкер үшін әртүрлі екенін, өйткені коэффициент жүйесі бар екенін атап өтті.

"Әркімде әртүрлі. Қазір, өкінішке қарай, бұл соманы айта алмаймын. Сыйлықақы басқарма мүшелеріне төленбейді. Бонустар жылдың соңында төленеді, алайда бұл көрсеткішті қазір айта алмаймын, дегенмен біз оны жариялап отырамыз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше жаңа қаржы министрі Мәди Тәкиев те жалақысы туралы айтқан болатын.

ҚТЖ ресми сайтының хабарлауынша, Нұрлан Сауранбаев - 2021 жылдың сәуірінен бастап "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.

Бұған дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған, ал 2017-2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі болған.

"ҚТЖ "ҰК" АҚ – көлік-логистикалық холдингі, Қазақстан Республикасының магистральдық теміржол желісінің операторы, жүктер мен жолаушылардың Ұлттық теміржол тасымалдаушысы.

Сондай-ақ өткен жылдың қазан айында Бас прокуратура өкілдері "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС филиалдарында жұмыс істемейтін 742 қызметкерге 10 миллион теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілері анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061171-qtz-bassysy-nurlan-sauranbaev-qansa-zalaqy-alatynyn-aitty/

pixel