jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандықтар наурызда 14 күн демалады

бәйшешек
Бәйшешек. Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл наурыз айында қазақстандықтар үшін демалыс күндерін қоса алғанда, мереке күндері де көп болады. Бұл туралы eGov.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

eGov.kz порталында хабарланғандай, қазақстандықтар мына күндері демалады:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 2, 3, 8, 9, 10, 16, 17 наурызда, 21-нен 25-не дейін, 30, 31 наурыз;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 3, 8, 10, 17 наурызда, 21-інен 24-іне дейін, 31 наурыз.

Наурызда қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндерінен басқа бірнеше мерекеде демалады:

  • Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);
  • Наурыз мейрамы (21-23 наурыз).

Биыл 8 наурыз жұмаға түседі. Яғни бес күндік жұмыс аптасындағы қазақстандықтар үш күн қатарынан – 8-, 9-ы және 10-ы демалады. Алты күндік жұмыс аптасы барлар тек 8 наурызда ғана демалыс алады және заңды демалыс күні - 10 наурыз.

Наурыз мейрамы Қазақстанда 3 күн – 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл мерекелер бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар 5 күн қатарынан – 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда демалады. Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін демалыс 21-24 наурыз аралығында жалғасады. 25 (дүйсенбі) – жұмыс күні.

Наурызда қазақстандықтар жалпы алғанда 14 күн демалады, оның 4-і мереке күндері.

Қазақстандықтар наурызда 14 күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.