Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жарысқа байланысты жолдар жабылып, автобустардың жүру тәртібі өзгереді

Опубликовано:

Жүрігу
Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 өтеді. Шараны өткізу үшін мегаполистің бірқатар көшесі уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда Winter Run 2024 қалалық жарысының өтуіне байланысты 25 ақпанда әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Меңдіқұлов бульварынан Esentai Mall-ға дейін 07:50-ден 10:45-ке дейін, Әл-Фараби даңғылымен Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін 08:30-дан 10:30-ға дейін қозғалыс жабылады.

Ал әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Балама жол шығыс бағытта Тимирязев көшесінде ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Батыс Желтоқсан көшесі әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі бөлігі 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Алматы әкімдігі
Қозғалыс тоқтайтын жерлер: Алматы әкімдігі

Жарысқа байланысты сағат 06:00-ден 11:00-ге дейін келесі қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгертіледі:

№15 – солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – әл-Фараби даңғылы – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№30 – солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі – Гагарин даңғылы – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№31 – солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі-Гагарин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта-өзгеріссіз;

№ 32 – оңтүстік бағытта – Науаи көшесі – Әл-Фараби даңғылы – Мұстафин көшесі, соңғы пункт "Орбита-2 ықшамауд." көшірілді – кері бағытта қозғалыстың басталуы "Орбита-2 ықшамауд." –Мұстафин көшесі – әрі қарай схема бойынша;

№34 – оңтүстік бағытта – Мұстафин көшесі – айналма жолдың алдындағы бұрылыс әл-Фараби даңғылы – соңғы пункт "Орбита-2 ықш.ауд." көшірілді, Орбита-2", кері бағытта қозғалыстың басталуы "Орбита-2 ықш.ауд." Мұстафин көшесі – әрі қарай схема бойынша;

№38 – батыс бағытта – Әл-Фараби даңғылы-Достық даңғылы – Сәтбаев көшесі – Жандосов көшесі – Розыбакиев көшесі – әл-Фараби даңғылы – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта –өзгеріссіз;

№45 – оңтүстік бағытта – Достық даңғылы – Қажымұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№62 – батыс бағытта – Әл-Фараби даңғылы-Достық даңғылы-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№63 – оңтүстік бағытта – Назарбаев даңғылы-Сәтпаев көшесі – Жандосов көшесі – Розыбакиев көшесі – әл-Фараби даңғылы – бұдан әрі схема бойынша; №67 – солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – әл-Фараби даңғылы – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№77 – солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№ 86 – оңтүстік бағытта – Назарбаев даңғылы-Сәтпаев көшесі – Жандосов көшесі-Розыбакиев көшесі –әл-Фараби даңғылы – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№101 – солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№103 – оңтүстік бағытта – Мұстафин көшесі – айналма жолдың алдындағы бұрылыс әл-Фараби даңғылы – соңғы пункт "Орбита-2 ықш.ауд." көшірілді, Орбита-2", кері бағытта қозғалыстың басталуы "Орбита-2 ықш.ауд." Мұстафин көшесі – әрі қарай схема бойынша;

№116 – солтүстік бағытта – әл-Фараби даңғылы – Жароков көшесі – Өтепов көшесі – Гагарин даңғылы – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта-өзгеріссіз;

№127 – оңтүстік бағытта – Назарбаев даңғылы – Сәтбаев көшесі – Жандосов көшесі – Жароков көшесі – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№135 – оңтүстік бағытта – Мұстафин көшесі – айналма жолдың алдындағы бұрылыс әл-Фараби даңғылы – соңғы пункт "Орбита-2 ықш.ауд." көшірілді, Орбита-2", кері бағытта қозғалыстың басталуы "Орбита-2 ықш.ауд." Мұстафин көшесі – әрі қарай схема бойынша;

№ 211 – оңтүстік бағытта Сейфуллин даңғылы – Тимирязев көшесі – Розыбакиев көшесі – әл-Фараби даңғылы – бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз.

Almaty Marathon ресми сайтындағы жарысты өткізу ережесіне сәйкес, қатысушыларға екі және одан да көп қатысушылармен бір қатарда жүгірмеуге, ал тым жақын келген кезде – жолдың оң жағын ұстауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ қатысушыларға тыйым салынады:

  • мүгедектер арбасындағы спортшыларды және арнайы балалар арбалары бар қатысушыларды қоспағанда, кез келген механикалық қозғалыс құралдарын (скутер, велосипед, ролик және т.б.) пайдалануға;
  • жарысқа құлаққаппен қатысуға: қатысушы басқа жүгірушілердің, төрешілердің, ұйымдастырушылардың және жарысты ұйымдастыруға қатысатын басқа адамдардың ескертулерін тыңдауға міндетті;
  • жануарлармен қатысуға;
  • алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде қатысуға;
  • басқа қатысушылар үшін қауіпті болуы мүмкін кез келген заттармен қатысуға;
  • серуен арбаларымен қатысуға;
  • тасжолда тоқтауға – жағдайы нашарласа, қатысушы мүмкіндігінше жарысқа қатысуын тоқтатып, басқа қатысушылардың қозғалысына кедергі келтірмей, жолдың шетіне өтуі керек;
  • қатысушылардың қозғалысына және жарысты ұйымдастыруға кез келген басқа жолмен кедергі келтіруге тыйым салынады.

Қатысушы тамақ немесе сусын алып жатқан кезде команданың ресми тұлғаларының немесе басқа адамдардың ешқайсысы қатысушының жанында жүруге немесе жүгіруіне құқығы жоқ.

Ережені бұзғаны үшін қатысушы жарыстан шеттетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061408-almatyda-zarysqa-bailanysty-zoldar-zabylyp-avtobustardyn-zuru-tartibi-ozgeredi/

pixel