jitsu gif

"Рухани тұрғыдан жақынбыз": Жапония елшісі валторна аспабында Қазақстанның әнұранын орындады

Жапония елшісі Джун Ямада
Жапония елшісі Джун Ямада. Видеодан кадр: instagram.com/oyanqz

Жапонияның Қазақстандағы елшісі Джун Ямада валторна аспабында әнұранның әуенін орындады. Елші "Оян” таңғы хабарына берген сұхбатында қазақтар мен жапондар бір-біріне рухани, тарихи тұрғыдан жақын халық екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хабар телеарнасындағы "Оян!" таңғы хабарында Жапонияның Қазақстандағы елшісі сұхбат берді.

Сұхбат барысында ол журналист Ердана Ержанұлымен тоғызқұмалақ ойнап қана қоймай, домбыра сүйемелдеуімен валторна аспабында Қазақстан әнұранын да орындады.

"Валторнада ойнамағалы көп болып еді. Қазақстанның әнұранын ерекше жақсы көрем. Әлемдегі әнұрандар арасында ырғақпен әсем әуенді тамаша үндестірген музыкалық шығарма", - деді елші.

"Тоғызқұмалақ үстіндегі 9 сұрақ" айдарында жүргізуші Жапония елшісі Джун Ямададан екі ел арасындағы ұқсастық туралы сұрады.

"Сырт келбетіміздегі ұқсастықты айтып та жүрмін. Жүрегімізбен, ойымызбен бірдей сияқтымыз. 19-20 жылдардағы тарихымызда ұқсастық көп. Арамыз географиялық тұрғыдан алыс болғанымен, тарихи, рухани тұрғыдан жақынбыз", - деп жауап берді Жапония елшісі Джун Ямада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.