jitsu gif

Қазақстанның 10 облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Жамбыл облысында жол жабылды
Жамбыл облысында жол жабылды. Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар 18 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Абай облысында - 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс).

1. "Омбы-Майқапшағай" - Қалбатау а.-Бұғаз а. (барлық түрлері үшін)

Ақмола облысында - 2 учаске -жалпы ұзындығы 77 км (ауа температурасының төмендеуі) Автокөліктің дизельді түрі үшін шектеу енгізілді.

1. "Екатеринбург - Алматы" - Жібек жолы ААП - Қарағанды облысының шекарасына дейін;

2. "Астана-Қабанбай батыр - Нұра -Теміртау" - Қабанбай батыр ауылынан -Қарағанды облысының шекарасына дейін.

Алматы облысында - 2 учаске, жалпы ұзындығы 99 км (қар, ауа температурасының төмендеуі).

1. "Алматы -Тау турбазасына кіреберіс" (жүк және қоғамдық үшін);

1. "Алматы -Тау турбазасына кіреберіс" (жүк және қоғамдық үшін);(барлық түрлері үшін);

Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске, жалпы ұзындығы (қар, боран, шектеулі көрініс).

1. "Омбы - Майқапшағай" - Абай облысының шекарасынан- Зайсан қаласы, Үлкен Қаратал ауылынан -ҚХР шекарасына дейін (көліктің барлық түрлері үшін);

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс).

1. "Алматы - Ташкент - Термез" - Алматы облысының шекарасынан - Қордай ауылына дейін (көліктің барлық түрлері үшін), Кенен ауылынан - Қайнар ауылына дейін. Өозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Шектеу көліктің барлық түрлері үшін енгізілді.

Жетісу облысында -1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс).

1. "Үшарал - Достық" - Көктұма бекетінен - Достық бекетіне дейін (барлық түрлері үшін);

Қарағанды облысында 5 учаске, жалпы ұзындығы 1251 км (ауа температурасының төмендеуі). Шектеу автокөліктің дизельді түрі үшін енгізілді.

1. "Астана - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау" - Ақмола облысының шекарасынан - Теміртау қаласына дейін;

2. "Қызылорда - Павлодар" - Қарағанды қаласынан - Павлодар облысының шекарасына дейін, Ұлытау облысынан - Топар кентіне дейін;

3. "Екатеринбург - Алматы" - Ақмола облысының шекарасынан - Қарағанды қаласына дейін, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, Новостройка кентінен - Балқаш қаласына дейін;

4. "Қарағанды - Аягөз - Бұғаз" - Ботақара - Қарқаралы қаласына дейін;

5. "Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара" - Павлодар облысының шекарасынан -Ботақара кентіне дейін.

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты).

1. "Жезқазған - Петропавл" - Ұлытау облысының шекарасынан - Арқалық қаласына дейін (барлық түрлері үшін).

Павлодар облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 165 км (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты).

1. "Қызылорда - Павлодар" - Қарағанды облысының шекарасынан - Шідерті к.ентіне дейін (автокөліктің дизельді түрі үшін);

2. "Қалқаман - Баянауыл -Үміткер - Ботақара" - Баянауыл кентінен - Қарағанды облысының шекарасына дейін, Шідерті (автокөліктің дизельді түрі үшін).

Ұлытау облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 543 км(боран жел, көрінуді шектеу).

1. "Жезқазған - Петропавл" - Ұлытау - Қостанай облысының шекарасына дейін (барлық түрлері үшін), Жезді ауылынан -Ұлытау кентіне дейін (дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін);

2. "Қызылорда - Павлодар" -Жезқазған қаласы - Қарағанды облысының шекарасына дейін (дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 181 бірлік техника және 274 адам жұмылдырылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.