Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дауыл салдарынан бағытын өзгерткен": Абай облысында екі күн бойы іздестірілген шопан табылды

Опубликовано:

Табылған шопан
Табылған шопан. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Абай облысында полиция қызметкерлері 14 ақпан күні жоғалып кеткен шопанды тапты. Құтқарушылар оны екі күн бойы іздестірген, деп хабарлайды ІІМ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлер Абай облысында жоғалып кеткен шопанның өмірін сақтап қалды.

"14 ақпан күні сағат 07:00-де Абай ауданының полиция бөліміне хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалықтарының бірінің 54 жастағы шопаны туралы ақпарат келіп түсті. Ер адам жайылымға 532 бас қой бағып кеткен", - делінген ресми хабарламада.

Ер адамды іздеу жұмыстарына аудандық полицияның, төтенше жағдайлар бөлімінің, Абай ауданы әкімдігінің жеке құрамы жұмылдырылып, жедел штаб құрылды,

30-дан астам қызметкер 4 УАЗ автокөлігінде, ЗИЛ-131 көлігінде және 2 Нива-МАРШ көлігінде ауа райының қолайсыздығында далада адам іздеуді бірлесіп жүзеге асырды.

"Аяз күшейе түсті, дрон ұшыру қиын болды, төмен температураға байланысты ол істен шықты, іздеу аумағын жаяу айналып өту керек болды", - деді жедел уәкіл Бектұрсын

Іздеу екі тәулік бойы жүргізілді. Іздеу топтарының бірі өзінің қыстауынан 30 шақырым жерде шопанды тірі және жарақатсыз тапты.

"Ер адам далада қатты дауылдың салдарынан бағытын өзгерткен. Ол зардап шеккен жоқ. Сол күні қойшыны дәрігерлер тексерген, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мал да шаруа қожалығына шығынсыз қайтарылды", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061571-dauyl-saldarynan-bagytyn-ozgertken-abai-oblysynda-eki-kun-boiy-izdestirilgen-sopan-tabyldy/

pixel