Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

45 градусқа дейін аяз: Қазақстанның 9 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ертең, 19 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы нашарлайды. Синоптиктер кейбір облыстарда қатты аяз болады деп болжауда, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

19-21 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз күтіледі.

19 ақпанда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 35-39 градус қатты аяз сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23 м/с сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының орталығында, оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.

18 ақпанның сағат 21.00-ден 19 ақпанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 19-21 ақпанда облыстың облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 21 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі.

19-21 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 19 ақпанда екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061594-45-gradusqa-deiin-ayaz-qazaqstannyn-9-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel