jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Тауық жұмыртқасын ел аумағына алты ай мерзімге автокөлікпен әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Жұмыртқа. Көрнекі сурет
Жұмыртқа. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы" бұйрық жобасын әзірледі. Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Жоба Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және "Ашық НҚА" интернет-порталында 2024 жылғы 16 ақпанда жарияланып, 1 наурызға дейін талқыланады. 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Министрлік жариялаған статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтарда республикада 56,5 млн бас құс саналған.

2023 жылы өндіріс көлемі 4,9 млрд дана болған. Ал 2022 жылы 5 млрд дана болған, яғни 2,8 пайызға төмендеген.

Ұлттық статистика бюросының алдын-ала дерегі бойынша, 2023 жылы экспорт 175,9 млн дана, импорт 286,9 млн дана болған. Осылайша 2023 жылы ішкі нарықтың өзіндік өндірісі есебінен қамтамасыз етілуі 98 пайызға тең болған.

Тауық жұмыртқасын ел аумағына алты ай мерзімге автокөлікпен әкелуге тыйым салынуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.