jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

WhatsApp-қа қатысты жаңа фейк қазақстандықтарды алаңдатып қойды

Смартфондағы әлеуметтік желі
Смартфон. Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджерінің пайдаланушыларына телефонды бұзатын видео туралы ескерту келіп жатыр. Бұл туралы StopFake.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

WhatsApp қолданушылары Martinelli деп аталатын видео туралы ескерту хабарламасын ала бастады. Ондағы вирус жүйені қалпына келтіру мүмкін болмайтындай зақымдайды екен.

"Бұл өтірік", - дейді фактчекерлер.

Сайт мәліметінше, Martinelli ролигі жоқ, бірақ ол туралы фейк желіде 2017 жылы тараған. Осыған ұқсас мәтін итальяндықтар арасында тарады. Жергілікті полиция мұндай вирус жоқ, демек, ол телефонды зақымдай алмайды деп жұртшылықты тыныштандырды.

"2023 жылғы қаңтарда фейк Ресейге жетті. Ресейлік фактчекерлер де Martinelli-ді біреулер ойдан шығарғанын растады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазақстандықтар арасында тараған хабарламада WhatsApp gold туралы айтылады.

Фактчекерлер мұндай қосымша бар екенін, ол 2019 жылғы қаңтарда шыққанын жазған.

"Оған негіз ретінде WhatsApp базасы алынды, бірақ бірнеше айырмашылық бар. Біреудің хат-хабарларын оқуға, әңгімелесушінің IP-мекенжайын білуге, пайдаланушы интерфейсін өзгертуге болады.

Қаншалықты қызық болса да, бұл қосымшаны орнатпаңыздар. Алаяқтар жалған WhatsApp Gold мессенджерін таратуда. Вирус құрылғыға да, қалтаңызға да залал келтіруі мүмкін. Телефон нөміріне ақылы жазылымдар рәсімделіп, банк карталары мен шоттардан ақша алынуы мүмкін", - дейді ақпаратты тексерушілер.

Олардың айтуынша, ұялы телефонға Whatsapp Gold орнату қауіпті, сондай-ақ Martinelli ролигінен қорықпау керек, өйткені бұл ойдан шығарылған.

WhatsApp-қа қатысты жаңа фейк қазақстандықтарды алаңдатып қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.