jitsu gif

"Сілтемені баспаңыз": Алматы полициясы WhatsApp-та пайда болған алаяқтық схеманы түсіндірді

Полицей жауап алуда
Полицей. Көрнекі фото: polisia.kz

WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама таратып, жеке деректерге қол жеткізетін алаяқтық кең таралып жатқаны ескертілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, WhatsApp мессенджеріне бейтаныс адамнан немесе алаяқтар бұзып алған сенімді контактіден сілтемеге өту арқылы дауыс беру, лайк қою, пікір жазып кету, ұтыс ойынына және сауалнамаларға қатысу туралы өтінішпен хабарламалар жіберіледі.

"Осылайша, бұл "клик" қаскөйлерге жәбірленушінің аккаунтына қол жеткізуге мүмкіндік береді, демек оның атынан барлық контактісіне осыған ұқсас хабарламалар жіберіледі деген сөз. Қылмыстық әрекет былай өрбиді: бұзылған WhatsApp арқылы алаяқтар барлық контактіге үшінші адамдардың жалған есепшоттарын көрсете отырып, әртүрлі сылтаулармен қарызға ақша бере тұруын сұрайтын мәтінді жібереді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Полиция тұрғындарға күмәнді сілтемелерді баспауды, жеке деректеріңізді енгізбеуді ескертеді.

"Егер сіз асығыста алаяқтың өтінішін орындадым деп күдіктенсеңіз, қосымшадағы "өзгертулерге" кіріп, содан кейін "байланысты құрылғыларға" өту арқылы WhatsApp -акаунтыңызға қатар кірудің бар-жоғын тексеруге болады. Осы жерде сіз байланыстырмаған белгісіз құрылғы болса, дереу шығарып тастау батырмасын басыңыз", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.