jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ШҚО-да биыл республика бойынша ең төменгі ауа температурасы тіркелді

Термометр көрсеткіші
Термометр көрсеткіші. Фото: yk-news.kz

Республика бойынша ең төменгі ауа температурасы Алтай өңірінде тіркелді. Бұл туралы YK-news.kz басылымы хабарлады.

"20 ақпанға қараған түні Зырян метеостанциясында ең төменгі ауа температурасы -47,3 градус тіркелді. Бұл - Қазақстандағы бір тәуліктегі ең төменгі температура", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК облыстық филиалы.

Басылымға оқырманы жіберген мәлімет бойынша, Алтай өңірі, Глубоковский ауданындағы кей ауылдарда және Риддер қаласының маңында елді мекенде ауа температурасы бұдан да төмен болған.

Риддерден он шақырым жерде орналасқан Ливино ауылының тұрғындары қытымыр аязды көрген. Мұнда термометр бағыны -48 градусты көрсетті.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Поперечное аулында таңертең осыдан бір градусқа төмен болған. Бірақ Риддер қаласының шетіндегі Таловка ауданында аяз бұдан да күшті болған.

Пролетарская көшесінде, су қоймасына іргелес және төменгі жағында орналасқан үйдің тұрғындары -51 градусты көрсеткен термометрдің суретке түсіріп, редакцияға жіберген.

Айта кетейік, елімізде ең төменгі температура 1931 жылы 8 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Орел кентінде тіркелген. Сол кезде термометрде 54,2 градус нөлден төмен болған.

ШҚО-да биыл республика бойынша ең төменгі ауа температурасы тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.