Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығысқазақстандықтар өңірде -60 градустан төмен температура тіркелгенін айтты

Опубликовано:

төмен температура
Глубоковский ауданы Малубинка ауылындағы температура. Фото: yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары -60 градустан төмен температураны тіркеді. Бұл туралы yk-news.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, "Қазгидромет" РМК метеостанциялардың бірінде бүгін Шығыс Қазақстан облысында республика бойынша ең төменгі температураны тіркеді.

20 ақпанда түнде "Зыряновск" метеостанциясында ауаның ең төменгі температурасы - 47,3 градусты құрады. Бұл - Қазақстандағы бір тәулікте тіркелген ең төменгі температура", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК облыстық филиалы.

Алайда жергілікті тұрғындардың айтуынша, Алтай ауданының кейбір ауылында, Глубоковский ауданында және Риддер қаласының маңында ауа температурасы бұл көрсеткіштен де төмен түскен.

Алтай ауданындағы Парыгино ауылы
Алтай ауданындағы Парыгино ауылы. Фото: yk-news.kz

Мысалы, Риддерден он шақырым жерде орналасқан Ливино ауылының тұрғындары термометрлер -48 градусты көрсеткенін айтты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Поперечныйда таңертең бір градусқа төмен болған.

Ал Риддер қаласының шетінде, Пролетарская көшесінде су қоймасына іргелес және ойпатта орналасқан үй иелері -51 градусты көрсеткен термометрді суретке түсіріп алған.

Фотосуреттерге қарағанда, Алтай аймағының Парыгино ауылында термометр -60 градустан төмен түскен. Дәл осындай температура Глубоковский ауданы Прогресс ауылында да байқалды.

Ал ең төменгі температура суретін Глубоковский ауданы Малоубинка ауылының тұрғыны жіберген. Термометр -63 градусты көрсетті.

Дегенмен бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

Қазақстанның бірқатар облысында бірнеше күннен бері аяз сақталып, қарлы боран соғуда. Ел тұрғындарын қар құрсауынан жаппай құтқарып жатыр. Ең қиын жағдай республиканың шығысында. Қардың қалың жаууына байланысты төтенше жағдай жарияланған.

Шығыс Қазақстан облысында түнгі аязға байланысты тасжолдың барлығында дерлік көлік қозғалысын тоқтатуға тура келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061997-sygysqazaqstandyqtar-onirde-60-gradustan-tomen-temperatura-tirkelgenin-aitty/

pixel