jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов өз еркімен қызметінен кетті

Ерлан Тоқсанов
Ерлан Тоқсанов. Фото: facebook.com/Ерлан Токсанов

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Ерлан Тоқсанов қызметінен өз еркімен кеткен. Бұл туралы ол кеше, 20 ақпанда хабарлады.

"Бүгіннен бастап өз еркіммен, атқарып отырған қызметім – БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымынан кетіп жатқаным туралы ресми түрде мәлімдеймін", - деді Тоқсанов.

Ол өзіне артылған сенім мен көрсетілген қолдауға алғыс білдірді.

"Бұл жұмысқа келгелі бері атқарылған шараларға халық өз бағасын бере жатар. Өз тарапымнан сенім артып, қолдау білдіргеніңіз үшін жұртшылыққа зор ризашылығымды білдіремін. Облыс аумағында денсаулық сақтау саласын алға қарай ілгерілету жолындағы жұмыс – сіздердің көз алдарыңызда жасалдыХалықтың игілігі үшін қолдан келгенше қызмет еттік. Әрі қарай да өңіріміздің денсаулық сақтау саласы дами береді деп сенемін", - деді Ерлан Тоқсанов.

"Мой город" басылымының жазуынша, Ерлан Тоқсанов аталған қызметті өткен жылдың сәуір айынан бастап атқарған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов өз еркімен қызметінен кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.